23.08.2026, 12:30
Оқылды: 30

Теректілік жастар Құрылтай сайлауында таңдау жасады

Азаматтық сана мен жауапкершілік әр адамның өз елін сүюінен басталады. Ел болашағын айқындайтын маңызды саяси науқанда жас буын да белсенділік танытуда.

784877229_3426245747557295_3302013711724194848_n

Теректі ауданы, Ақсоғым ауылында 18 жастағы Ануар Жақсығалиев сайлауға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасады. Осылайша ол саяси науқанға өз үлесін қосты.

Кемер ауылында 18 жасқа толған Лунара Бисенгалиева да алғаш рет дауыс берді. Жалынды жас маңызды науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымын көрсетті.

Ал Шағатай ауылында Анель Бекбаева саяси науқанға алғаш рет қатысып, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.

785215876_3426245787557291_2058872763350118710_n

Жастардың бұл қадамы – өскелең ұрпақтың отаншылдық сезімі мен азаматтық белсенділігінің айқын көрінісі.

Қ. Саясатова,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале