23.08.2026, 12:25
Оқылды: 21

Тасқала ауданы: Көршілер ұйымшылдығын көрсетті

Тасқала ауданы, Қосшы ауылдық округіне қарасты Оян ауылындағы №341 сайлау учаскесінде де елдіктің, татулық пен ұйымшылдықтың жарқын көрінісі байқалды. Ауылдың ауызбіршілігін айшықтауды мақсат еткен бір көшенің тұрғындары ұйымшылдық танытып, сайлау учаскесіне топ болып келіп, өз таңдауларын жасады.
image-23-08-26-12-22
Қосшылық ағайынның бұл белсенділігі кездейсоқ емес. Олар бұған дейінгі сайлауларда да азаматтық белсенділігімен ерекшеленіп келген. Ал бұл жолғы бастамалары арқылы тату көршілер ауыл тұрғындарын бірлікке үндеп қана қоймай, саяси сауаттылық пен қоғамдық белсенділікті арттыруға өз үлестерін қосуды көздеген.
image-23-08-26-12-22-1
Бір көшенің ынтымағы мен тату көршілігі тұтас ауылдың береке-бірлігін танытқандай. Тату көршілер - тұтас ауылдың тірегі. Осындай ұйымшылдық пен өзара сыйластық ел ішіндегі татулықтың берік негізі екені анық.
Бекжан Өтемісов 
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале