23.08.2026, 13:25
Оқылды: 17

«Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблі елдік бастамаға үн қосты

Тасқала ауданының тұрғындары үшін ел өміріндегі маңызды қоғамдық шаралардың маңызы зор. Ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар осындай бастамаларға белсенді араласып, өз ой-пікірлерін білдіруде. Олардың қатарында «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің мүшелері де болды.
image-23-08-26-01-23-1
Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген әжелер бұл жолы да қоғам өміріндегі маңызды басқосудан шет қалмай, ұйымшылдықпен жиналып, елдік мәселелерге қатысты өз пікірлерін білдірді.
«Ақтілеу» әжелер ансамблі көп жылдан бері ауыл мәдениетінің дамуына үлес қосып келеді. Олар халық әндерін орындап, салт-дәстүрді насихаттап, жастарға өнеге көрсетіп жүр. Әжелердің өнері мен өмірлік тәжірибесі ауыл тұрғындарының құрметіне ие.
image-23-08-26-01-23
Ансамбль мүшелерінің айтуынша, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға әр азаматтың белсенді араласқаны жөн. Халықтың ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, қоғамды толғандырған мәселелерге үн қосу - әр азаматтың жауапкершілігі.
Өнерлі әжелердің елдік бастамаға белсенді араласуы - кейінгі буынға үлгі боларлық игі қадам. Бұл олардың елге деген жанашырлығы мен қоғамдық өмірге деген белсенді ұстанымының айқын көрінісі.
Бекжан Өтемісов 
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале