23.08.2026, 13:31
Оқылды: 22

Теректі ауданында «Сайлауға барамыз!» акциясы өтуде

Бүгін Подстепное ауылында дауыс берушілерге сайлау учаскелеріне кедергісіз әрі қолайлы жетуіне жағдай жасау мақсатында «Сайлауға барамыз!» акциясы өтуде.

7900a6be-b102-4349-9015-7e64b4e0de56

Акция аясында ауыл тұрғындары үшін тегін такси қызметі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда ауыл ішінде 3 жеңіл автокөлік және 2 жолаушылар тасымалдайтын «Газель» тұрғындарға қызмет көрсетіп, сайлау учаскелеріне қатынауға көмектесуде.

7238671f-78b5-409c-95ce-882a34b9b82b

Көлік қызметі ауыл тұрғындары үшін тегін ұсынылады.

Бұл – азаматтардың өз таңдауын жасауына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған игі бастама.

БҚО ӨКҚ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале