Бөкей ордасы ауданында Құрылтай сайлауы қызу әрі белсенді өтіп жатыр. Таңғы жетіден бастап сайлау учаскелеріне тұрғындар ағылып, өз таңдауын жасауға қатысуда.

Аудандағы сайлау учаскелерінде қоғамдық белсенділікпен қатар ұлттық құндылықтарға да мән берілген. Саяси маңызды күнде қазақы дәстүрге негізделген мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Ән мен ұлттық киім, салт-дәстүр көріністері сайлау күнінің мазмұнын байыта түскендей.

Тұрғындар үшін қол күресі, арқан тарту, асық ату секілді ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп жатыр.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
