Тасқала ауданы, Қазақстан ауылдық округіне қарасты Атамекен ауылының жас келіндері мен енелері сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Бірге келген ақ жаулықты енелер мен ибалы келіндердің бұл қадамы – ұрпақ сабақтастығы мен отбасылық тәрбиенің, өзара сыйластық пен берекенің жарқын көрінісі.
Елдің ертеңіне бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытқан ауыл әйелдерінің ұйымшылдығы көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлады.
Ынтымақ бар жерде – ырыс бар. Бірлік бар жерде – береке бар!
Бекжан Өтемісов
Тасқала ауданы