Талдыбұлақ - мал шаруашылығынан бөлек, егін ісіне де екпін қойған округ. Бүгін №312 сайлау учаскесінің алдына “даланың еркесі” көк “Белорусь” пен “LOVOL” келіп тоқтады. Олар алқаптан келе жатқан “ТалдыбұлақСүт” ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің қызметкерлері - Халықов Айбек, Досымхан Қажғалиев.

Олар елдің жаңа саяси жолы ауылдарға жаңару әкеледі деп сенеді.

“ТалдыбұлақСүт” ауылшаруашылық өндірістік кооперативі биыл 250 га жерге судан шөбін, 50 гектарға арпа екті. Шығым жақсы деуге болады. Әр гектар 20 центнерден өнім беруде.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы