Бүгін ел көлемінде өтіп жатқан маңызды саяси науқандағы дауыс беру барысына байқаушылар да бақылау жүргізуде. Олардың негізгі міндеті – дауыс беру рәсімінің заң талаптарына сәйкес өтуін қадағалап, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету.
№128 «Жас туристер станциясы» сайлау учаскесінде де байқаушылар дауыс беру барысын назарда ұстап, сайлаушылардың өз таңдауын еркін жасауына жағдай жасалғанын бақылауда. Олар учаскедегі ұйымдастыру жұмыстарына, дауыс беру тәртібінің сақталуына және азаматтардың құқықтарының қамтамасыз етілуіне мән беруде. Учаскеде “Жан-демеуші” мүгедектер қоғамдық бірлестігінен және “Әділет” партиясынан байқаушылар тіркеліп, дауыс беру аяқталғанға дейін олар учаскедегі жағдайды жіті қадағалап, белгіленген тәртіптің сақталуына назар аударады.
Ақерке Мәлікқызы
Жаңақала ауданы