23.08.2026, 14:05
Оқылды: 20

Казталов ауданында спортшылар азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Құрылтай депутаттарының сайлауына Казталов ауданының спортшылары да белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.

f945172d-7669-4bb8-a99d-514ed9b9ab20

Сайлау күні аудан спортшыларының қатарында Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен спорт шебері Айдын Елемесов те өз таңдауын жасады. Ол Казталов ауданының спортшыларымен бірге сайлау учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдірді.

Спорттағы биік белестерді бағындырып, ел мерейін үстем еткен чемпионның елдік маңызды науқанға белсене қатысуы  жауапкершілік пен азаматтық ұстанымның сабақтастығын аңғартады.

— Спортта жеңіске жету үшін күш-жігермен қатар, тәртіп пен жауапкершілік қажет. Ел өміріндегі маңызды мәселелерде де әр азамат өз жауапкершілігін сезінуі керек. Сондықтан бүгін спортшылармен бірге келіп, өз таңдауымды жасадым. Ел болашағы жарқын болсын!, – деді Айдын Елемесов.

Жайна Қабиболла

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале