Бөрлі ауданы, Успен ауылында тұратын Абдрахмановтар отбасылық ансамблі де бүгін отбасымен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Өнерді отбасының береке-бірлігімен ұштастырып жүрген өнерлі әулеттің дауыс беруге балалары, келіндері, ата-енесі мен немерелері – бірнеше буыны түгел келді.
«Біз үшін отбасы – бірлік пен тәрбиенің, ал өнер – ұрпақты ұйыстыратын үлкен күш. Ел өміріндегі маңызды сәттерден шет қалмай, өз таңдауымызды бірге жасауды жөн көрдік», – дейді өнерлі отбасы.
Бір шаңырақтың бірнеше буынының елдік іске бірге атсалысуы – отбасылық құндылық пен ұрпақ сабақтастығының жарқын көрінісі.
Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы