23.08.2026, 14:00
Оқылды: 26

Бөрлілік ақ жаулықты әжелер сайлаудан қалыс қалмады

Бөрлі ауданында сайлау науқаны жалғасуда. Осы уақытқа дейін 13 мыңнан астам тұрғын өз таңдауын жасап үлгерді.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 15.04.31 (1)

№77 сайлау учаскесіне 80 жастағы Дәметкен Маулетова мен 88 жастағы Роза Мурзабекова келіп, өз таңдауларын жасады. Комиссия төрағасы әжелердің әрдайым сайлаудан қалмайтынын атап өтіп, оларға сый-сыяпат табыстады.

 

WhatsApp Image 2026-08-23 at 15.04.31

Еліміздің болашағына бейжай қарамайтын кейуаналардың белсенділігі көпшілікке үлгі. Қариялар елдің ертеңі үшін әр азамат өз таңдауын жасап, қоғамдық маңызы бар науқанға белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті.
Әжелер елдің тыныштығын, жұрттың амандығы мен деніміздің саулығын тілеп, ақ баталарын берді.

Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале