23.08.2026, 14:44
Оқылды: 26

Сырым ауданындағы ең жасы үлкен сайлаушы Бұланда тұрады

Сырым ауданындағы ең жасы үлкен сайлаушы Бұлан ауылдық округіндегі №294 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Ол – 99 жастағы кейуана, еңбек ардагері Халима Мұхамбетжанова .
8ea55e04-5ee3-4ef2-8659-4ade9c6923eb
Халима әженің балалық шағы ел басына күн туған соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. 1941 жылы соғыс басталғанда ол небәрі 14 жаста болатын. Балалықпен қоштасып, ерте еңбекке араласты. Күндіз өгіз жегіп, жер жыртып, ауылдың ауыр жұмысына жегілсе, түнде шамның жарығымен шұлық пен қолғап тоқып, майдандағы жауынгерлерге көмек жіберді.
Сұрапыл кезең оның жадында әлі де жаңғырып тұр. Кейін отбасын құрып, он перзент тәрбиелеп өсірген Халима анамыз елмен бірге талай белесті еңсерді. Еңбекпен өткен ғұмыры – тұтас бір дәуірдің шежіресіндей.
Бүгінде 99 жастағы Халима әже бейбіт күннің қадірін ерекше бағалайды. «Ел аман, жұрт тыныш болсын» деген тілегін әрдайым айтып отырады.
Бүгін де ел өміріндегі маңызды науқаннан тыс қалмай, үйінде дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале