23.08.2026, 14:40
Оқылды: 19

Ғасыр жасаған әже өз таңдауын жасады

Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға Шыңғырлау ауданындағы 103 жастағы Халима Жұмабаева да қатысып422 сайлау учаскесінде , өз азаматтық таңдауын жасады. Жасы мен жүріп-тұру мүмкіндігін ескере отырып, дауыс беру өз үйінде ұйымдастырылып, ақ жаулықты әже ел болашағына қатысты өз таңдауын білдірді.

image-23-08-26-02-40

Ғасырдан астам ғұмыр кешкен Халима әже бір адамның ғана емес, тұтас бір дәуірдің куәсі. Ол ел басынан өткен талай тарихи кезеңді көріп, заманның сан алуан өзгерісін бастан өткерді. Қиындық пен қуанышты қатар өткеріп, ұрпағының бейбіт күнде өсіп-өнгеніне куә болған қария үшін елдің тыныштығы мен халықтың амандығы қашанда бәрінен биік.

Бүгінде 103 жасқа келген Халима Жұмабаева отбасының ғана емес, кейінгі буынның да ақылшысы, үлкеннің батасын, әженің ақ тілегін қадір тұтатын ұрпақ үшін өнегелі жан. Оның өмір жолы – ел тарихымен сабақтасып жатқан тағылымды ғұмыр.

Ғасыр жасаған әженің сайлауға қатысуы азаматтық жауапкершіліктің жасқа қарамайтынын аңғартқан ерекше сәт. Ел өміріндегі маңызды оқиғадан шет қалмай, өз таңдауын жасауы туған елінің ертеңіне деген бейжай еместігінің белгісі.

Өмірдің талай белесін артқа тастаған қария бүгінгі бейбіт күннің қадірін ерекше сезінеді. Өйткені тыныштықтың бағасын қиын кезеңдерді көрген ұрпақ жақсы біледі. Ел ішінде татулық орнап, әр шаңырақта береке болғанын көрген сайын ақ жаулықты әженің жүрегіндегі ең үлкен тілек те  елдің амандығы.

image-23-08-26-02-40 (2)

Өз таңдауын жасағаннан кейін Халима әже ел-жұртына ақ тілегін айтып, ақ батасын берді.

– Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ұрпағымыздың болашағы жарқын, елдің бірлігі бекем болсын. Әр шаңырақта қуаныш пен береке орнасын. Жастарымыз бақытты болып, еліміз өсіп-өркендей берсін, – деп ақ батасын арнады ғасыр жасаған әже.

Бұл – бар ғұмырын елмен бірге өткізген қарияның жүрек түкпірінен шыққан ақ тілегі. Бір қарағанда қарапайым ғана сөздердің астарында үлкен өмірлік тәжірибе, елге деген сүйіспеншілік, бейбіт күнге деген шүкіршілік жатыр.

Халима әженің бүгінгі таңдауы кейінгі ұрпаққа ой саларлық тағылымды сәт. Жүз жылдан астам уақытты артқа тастаған қарияның ел болашағына алаңдап, азаматтық таңдауын жасауы – әрбір азаматқа үлгі.

Қарияның әр сөзі кейінгі ұрпаққа аманат. Әрбір ақ тілегі – елге деген ақ ниеттің көрінісі. Ал оның «еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген батасы – барша халықтың ортақ тілегі.

Ғасыр куәсінің таңдауы ел тарихындағы айтулы күнмен астасып, ерекше мәнге ие болды. Бір ғасырдан астам уақыттың куәсі болған Халима Жұмабаеваның бүгінгі таңдауы өткенге тағзым, бүгінге шүкіршілік, келешекке сенім іспетті.

Ақ жаулықты әженің ақ батасы қабыл болып, елімізде әрдайым тыныштық пен тұрақтылық, халқымызда бірлік пен береке, әр отбасында амандық орнасын!

Ғасыр жасаған әженің ақ тілегі ел ертеңіне деген ақ ниеттің жарқын көрінісі.

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале