23.08.2026, 14:45
Оқылды: 18

Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Құрылтайға сайлау күні Орал қаласындағы №502 сайлау учаскесінде тұрғындар үшін ерекше әрі көңілді шара ұйымдастырылды. Дауыс беруге балаларымен бірге келген ата-аналардың балалары үшін аквагрим бұрышы жұмыс істеді.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 15.42.39

Шара барысында кішкентайлардың бетіне түрлі әсем суреттер - ертегі кейіпкерлері, гүлдер мен ұлттық ою-өрнектер бейнеленіп, балалардың көңілі көтерілді. Бұл бастама дауыс беруге келген отбасыларға жайлы атмосфера қалыптастырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар референдум күні учаскеге келген тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, балалардың уақытын қызықты өткізуіне мүмкіндік береді. Кішкентайлар аквагрим арқылы қуанып жатса, ата-аналар азаматтық парыздарын орындап, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алды.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 15.42.39 (1)

Айта кетейік, өңірдегі бірқатар сайлау учаскелерінде концерттер, жәрмеңкелер және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылып, дауыс беру күніне ерекше мерекелік сипат берілді.

ӨКҚ БҚО

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале