Подстепное ауылындағы Мәдениет үйінің алдында ауыл тұрғындарына арналған жәрмеңке өтуде.


Сауда сөрелеріне ауыл шаруашылығы өнімдері, ет пен сүт өнімдері, құрт, қаймақ, көкөністер, балдың түр-түрі және қолөнер бұйымдары қойылған. Сондай-ақ жәрмеңкеге келушілерге кәуап әзірленіп, мерекелік көңіл күй сыйлануда.
№360 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған ауыл тұрғындары жәрмеңкеге де ат басын бұрып, қажетті азық-түлігін сатып алуда. Осылайша ауылдағы саяси науқан сауда-саттық пен көпшілік бас қосқан шарамен қатар өрбуде.
Жәрмеңке ауыл тұрғындарының басын қосып, жергілікті өнім өндірушілерге өз тауарларын ұсынуға мүмкіндік берді.
Л. Халина
Ә. Ғазизова