23.08.2026, 14:35
Оқылды: 18

Ұстаз өз таңдауын жасады

Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері Эльмира Сапашева №422 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.

image-23-08-26-02-42

Ұлағатты ұстаз үшін елдің ертеңі мен жас ұрпақтың болашағы әрдайым маңызды. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, оқушыларға тарихтың тағылымын үйретіп жүрген Эльмира Сапашева ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да тыс қалмай, азаматтық белсенділігін танытты.

"Ұстаз" деген ұлы ұғымның астарында тек білім беру ғана емес, өскелең ұрпаққа елін, жерін құрметтеуді, азаматтық жауапкершілікті сезінуді үйрету міндеті де жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, ұстаздың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы шәкірттеріне көрсеткен өнегесінің бір көрінісі.

Сайлау – әр азаматтың ел болашағына деген көзқарасын білдіретін маңызды қоғамдық үдеріс. Өз таңдауын жасау арқылы әрбір азамат мемлекет дамуына, қоғамның келешегіне деген жауапкершілігін танытады.

Бүгінде ел болашағын білімді де білікті, отансүйгіш ұрпақпен байланыстыратын ұстаздар қауымының қоғамдық өмірдегі белсенділігі айрықша мәнге ие.

Ел ертеңі үшін жасалған әрбір таңдау болашаққа бастар қадам. Сондықтан сайлауға қатысып, өз азаматтық таңдауын жасау – ел дамуына үлес қосудың маңызды жолдарының бірі.

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале