23.08.2026, 15:00
Оқылды: 16

Жас сайлаушы

№278 Сайлау учаскесіне ең жас сайлаушы Зере Бүркітқызы алғаш рет дауыс беріп өз таңдауын жасады. 

Жас сайлаушы Зере Бүркітқызы

– Бүгін мен алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бүгінгі  Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауының маңызы ерекше деп білемін. Елдің жарқын болашағына айқын жол сілтейтін айтулы сайлауға алғаш қатысып, дауыс беріп, өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын, - дейді жас сайлаушы, елдің ертеңі, Ақтөбе қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы педагогикалық институтынының студенті, жас сайлаушы Зере Бүркітқызы.

Жас сайлаушы Зере Бүркітқызына учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айбат Омаров сыйлық табыстап, алдағы өміріне сәттілік тіледі.

Әжелер тілегі                      

Ауыл тұрғындары 86 жастағы Асылзада Қабдешқызы мен 77 жастағы Дәметкен Сәрсенқызы  апаларымыз №278 Сайлау учаскесіне  келіп, өз таңдауларын жасады.

Әжелер тілегі Дәметкен СӘРСЕНҚЫЗЫ

«Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, Тәуелсіз еліміздің болашағы зор болсын. Қазақ елі қарыштап дами берсін. Ел халқы бейбіт заманда өсіп, өркендей берсін, - дейді ақтілектерін арнаған ақжаулықты әжелер Асылзада Абдрахманова мен Дәметкен Есқожина.

«Перне» тобының өнері

№278 Сайлау учаскесіне аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы «Перне» тобы келіп, әннен шашу шашты. Аталмыш әншілер тобы өз өнерлерін ортаға салып, сайлаушыларға керемет көңіл сыйлады.

 Отбасымен дауыс берді      

арыстановтар

Аудан орталығының тұрғыны  Жеңіс Ахметов  №278 сайлау учаскесіне отбасымен келіп өз таңдауларын жасады. Отбасымен ұйымшылдықпен дауыс берген Ахметовтар отбасына учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айбат Омаров сыйлық табыс етті.

№278 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген сайлаушылар «Қаратөбе» спорт клубы ұйымдастырған мектеп алаңдағы садақ атуға қатысып өз шеберліктерін танытты.

Садақ ату (1)

                                                           Ерболат Мырзағұлұлы,

                                                                 Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале