Теректі ауданы, Подстепное ауылында сайлау күні тұрғындарды сайлау учаскесіне жеткізу үшін тегін тасымал ұйымдастырылды.

Ауыл тұрғындарына арнайы «Газель» автокөлігі қызмет көрсетіп, дауыс беруге ниетті азаматтарды сайлау учаскесіне тегін жеткізуде.

Тасымал тұрғындардың сайлау учаскесіне кедергісіз барып, өз таңдауын жасауына мүмкіндік беріп отыр.

Подстепное ауылының тұрғындары сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Л.Халина,
Теректі ауданы