Теректі ауданындағы сайлау учаскелерінде тұрғындар дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен егде жастағы тұрғындар да бар.

Подстепное ауылындағы №360 сайлау учаскесіне екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Халел Бекмұхамбетов арнайы келіп, дауыс берді.
Ал Теректі ауылындағы №388 сайлау учаскесінде 80 жастағы Айжан Ахметова мен 76 жастағы Алтын Асауова өз таңдауларын жасады. Егде жастағы тұрғындардың белсенділігін атап өткен сайлау комиссиясының мүшелері оларға арнайы сыйлық табыстады.

Осылайша аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық белсенділік танытуда.
Л. Халина
Теректі ауданы