Покатиловка ауылында Ермұханбетов Мейрлан Қадырболатовичтің ұйымдастыруымен ауыл көшелері арасында шағын футболдан «Бірлік алаңы кубогы» турнирі өтті.

Жарысқа қатысушылар жасыл алаңда бақ сынап, ауызбіршілік пен белсенділіктің үлгісін көрсетті. Спорттық дода аяқталғаннан кейін олар сайлау учаскесіне бірге келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауларын жасады.
Ауыл жастары мен тұрғындарының спорттық шарадан кейін сайлауға бірге қатысуы қоғамдық өмірге белсенді араласудың көрінісі болды.
Осылайша Покатиловка тұрғындары бір күнде спорт алаңында да, сайлау учаскесінде де белсенділік танытты.
Ә. Ғазизова
Теректі ауданы