23.08.2026, 15:10
Оқылды: 15

Өнер иесі мен ел анасының таңдауы

«Ғұмардың елі – жыр-әннің елі», «Жәнібегім – мекенім» деп Ғұмар, Мұстахым, Рахметолладай дара тұлғалардың іздері қалған, топырағы киелі Жәнібек өңірін әнге қосып жүрген белгілі әнші Райымбек Кәрімов бұл жолы да азаматтық белсенділігімен көзге түсті. Түрлі деңгейдегі өнер сайыстарында аудан намысын қорғап, жүлделі орындардан көрініп жүрген дарынды өнерпаз саяси науқанда да тыс қалмады.

image-23-08-26-03-03 (1)

Райымбек маңызды саяси шара – құрылтай сайлауына өзінің ардақты анасын ертіп келіп, алғашқылардың бірі болып өз дауысын берді.

image-23-08-26-03-03

«Өнер – елдің рухы болса, сайлау – елдің болашағы. Киелі Жәнібек топырағынан шыққан азамат ретінде, еліміздің ертеңіне бейжай қарай алмаймын. Анама дауыс бергізіп, батасын алу мен үшін үлкен мәртебе. Ауданымыз көркейіп, өнеріміз бен мәдениетіміз асқақтай берсін!» – дейді өнер иесі.

Арай Сейфуллиева
 Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале