23.08.2026, 15:25
Оқылды: 17

Жас сайлаушылар өз таңдауларын жасады

Тасқала ауданының  «Жас сайлаушылар» клубының мүшелері №333 учаскесіне келіп, құрылтайға белсенді қатысуда. Жастар ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдеріске жауапкершілікпен қарап, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
image-23-08-26-03-21-1
Құрылтайға қатысу арқылы жас буын өкілдері ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетіп, азаматтық белсенділіктерін танытуда. Олар өз таңдауын жасап, қоғам үшін маңызды мәселелерге атсалысудың маңыздылығын түсінетіндерін аңғартуда.
image-23-08-26-03-21-2
2023 жылы құрылған аудандық «Жас сайлаушылар» клубы жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде клубтың белсенді жастары өз қатарластарына үлгі көрсетіп, елдегі маңызды қоғамдық-саяси науқандарға белсене қатысып келеді.
Жастардың құрылтайға белсенді қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің және азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі.
Гулмира Мақанова
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале