23.08.2026, 15:32
Оқылды: 17

Тасқала ауданында сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтарға дауыс беру мүмкіндігі жасалды

329-сайлау учаскесі бойынша қарттар үйінің қариялары мен денсаулығына немесе өзге де себептерге байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтарға дауыс беру мүмкіндігі жасалды.
image-23-08-26-02-50
Қарттар үйінің тұрғындарына және үйден дауыс беретін азаматтарға сайлау бюллетеньдері ұсынылып, олардың өз таңдауын еркін жасауына жағдай қамтамасыз етілді.
Бұл – әрбір азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сайлау үдерісінің барлық азаматтар үшін қолжетімді болуы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық қағидаттардың көрінісі.
Бақтыгүл Шотанова,
Тасқала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале