23.08.2026, 15:15
Оқылды: 19

Ақжайықта 869 тұрғын үйден дауыс береді

Ақжайық ауданында денсаулық жағдайына немесе жасына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар әдеттегідей учаскелік сайлау комиссиясына алдын ала өтініш тастап, үйден дауыс беруге мүмкіндік алды.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 13.05.12

Аудан бойынша 869 адам үйден дауыс беруге тіркелген. Олардың басым бөлігі – жасы егде тартқан тұрғындар. Өтініш білдірген азаматтардың үйлеріне сайлау комиссиясының мүшелері арнайы барып, жылжымалы сайлау жәшіктері жеткізілді.

1

Солардың бірі – мүмкіндігі шектеулі, кресло-арбаға таңылған Абат Шектібаев. Осыған дейін бірде-бір сайлаудан тыс қалмаған ол бұл жолы да үйден дауыс берді.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 13.11.35

– Мүмкіндігім шектеулі болғанымен, азаматтық құқығым ешқашан шектелген емес. Бұған дейін де сайлауларда дауыс бердім. Үйден дауыс беруге барлық жағдай жасалып отыр. Комиссия мүшелері бәрін ұғынықты түсіндіріп, ертеңгі күнімізге қатысты таңдауымды жасадым. Әр азаматтың дауысы маңызды деп ойлаймын, – дейді Абат Шектібаев.

Әлия Шарапиева

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале