Бөрлі ауданы бойынша барлығы 33 сайлау учаскесі қызмет атқаруда. Таңнан бері аудан тұрғындары өз таңдауларын жасап, азаматтық позицияларын тыңдауда.

Мысалы, Ақсай қаласы №8 ЖОББМ базасында орналасқан №104 учаскеде 9-сайлаушы бірінші рет таңдау жасаса, бес отбасы түгел келіп таңдау жасаған.

Жалпы сайлаудың әділ өту барысын партиялардың сенім білдірген тұлғалары мен байқаушылар бақылау үстінде. Атап кетер болсақ аудар бойынша “Дауыс” қоғамдық байқаушылар коалициясы 24 байқаушы, “Ақсай қамқор” ұйымынан 19 байқаушы“Жария” ұйымынан 3 байқаушы, “ЕҚЫҰ” бойынша 8 байқаушы қатысып отыр.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы