Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай ауылында тұратын сексен бес жастағы кейуана Науша Шоманова сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасады.

Көп балалы ана, ұл-қыздарынан тараған ұрпақтың қызығын көріп отырған Науша анамыз Кеңес Үкіметінің келісті тірлігін де, Тәуелсіздіктің тоқырау кезеңін де басынан өткерген жан. Отағасымен бірге түздің де жұмысын атқарып, үйдің де берекесін арттырды.
- Алла берген денсаулықтың арқасында ел қатарлы дауыс беруге келіп тұрмын. Біле білгенге бұл да бір бақыт. Ең бастысы, ел аман, жұрт тыныш болсын! Құрылтайы бар, басқасы да өзгерістің бәрі елдің игілігіне болсын, - дейді ақ жаулықты ана.