23.08.2026, 18:50
Оқылды: 21

Қазталов ауданы: Маңызды таңдау жасауда халық белсенділігі жоғары

Тереңкөл ауылындағы №228 сайлау учаскесіне Гүлфия Абилова өз туған күнінде дауыс беруге келді.
image-23-08-26-04-59-1
Сайлау учаскесінде комиссия мүшелері Гүлфия Тұяққызын туған күнімен құттықтап, ақжолтай тілектерін жолдады. Осылайша, Гүлфия Тұяққызың туған күні елдік таңдаумен есте қалатын ерекше күнге айналды.
Бұл күні сонымен қатар аудан орталығындағы «Арай» және «Қарлығаш» бөбекжайларының ұжымдары да Құрылтай сайлауында белсенділік танытып, сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Мектепке дейінгі білім беру саласының қызметкерлері ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлестерін қосып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
image-23-08-26-05-07
image-23-08-26-05-07-1
Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале