23.08.2026, 19:00
Оқылды: 21

Жалпақтал халқы елдің жарқын болашағы үшін дауыс беруде

Жалпақтал ауылының жас тұрғындары, егіздер Әсет Русланұлы мен Әсем Русланқызы бүгінгі Құрылтай сайлауына ата-анасымен бірге келіп, таңдауларын жасады.
 image-23-08-26-05-01
Жиырма жастан енді ғана асқан егіздің армандары асқақ, мақсаттары биік. Олар Қазақстан Республикасының ертеңгі болашағы ретінде туған елінің келешегін жақсы жағынан көргісі келеді. Сондықтан да бүгін туған ауылының жас тұрғыны қатарында сеніммен дауыс берді.
- Жастардың арманы орындалып, еліміз қарыштап дами берсін! Жаңару жолында біз де ұл-қызымызбен бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық, - дейді егіздерді дүниеге әкелген аяулы анасы Мұхсина Сансызбайқызы.
Жалпақтал ауылының тұрғыны Людмила апай жұбайы Жүсіп ағай екеуі де маңызды күннен қалыс қалмады.
- Бүгін еліміз үшін елеулі күн. Себебі Қазақстан алғаш рет Құрылтай сайлауын өткізіп жатыр. Мен де осы ауылда тұратын өзге ұлт өкілі ретінде өз таңдауымды жасадым. Болашақта өзім жас күнімнен келін болып түскен Қазақстан елі мен оның даладай кең ауылын дамыған елдер қатарынан көргім келеді, - дейді Людмила апай.
image-23-08-26-05-00
Құрылтай сайлауына Жалпақталдағы №2 аудандық аурухана ұжымы да белсенді қатысуда. Олардың арасында №253 сайлау учаскесінде тіркелген ұжым мүшелері өзге сайлаушыларға үлгі болып, бір мезгілде келіп өз таңдауларын жасады.
- Біздің ұжымның медицина қызметкерлерінің  саяси сауаты жоғары әрі мейлінше белсенді екенін мақтанышпен айта аламыз. Олар еліміз бойынша өтетін барлық сайлауға да бір кісідей қатысады. Сайлау өтіп жатқан бүгінгі Құрылтай депутаттығына үміткерлер, оларды ұсынатын партиялар да елдің жарқын болашағы мен жаңару бағытына үлкен көңіл бөліп отыр. Олар ертең Құрылтай төрінде отырып ауылдың медицина саласына үлкен назар аударады деп сенеміз, - дейді аурухана директоры Надежда Васильева.
Қыдыр Харесұлы,
Қазталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале