Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асқар Сәукелин Бұлдырты ауылына келіп дауыс берді.
Асқар Сәукелиннің есімі - жігер мен жойқын қуаттың синонимі. Ол талай үйдің ерке баласынан еркін күрестің хас тарландарын шығарды. Еркін күрестен КСРО спорт шебері атанғанының өзі - оның спорттағы биік дәрежесі, Асқар қонған асқақ шың.
Сәукелиннің даңқты жолын бүгін Нұрлан Бекжановтай шәкірттері жалғап жүр.
“Менің дауысым - менің ауылым!” акциясы аясында ол Бұлдыртыдағы #305 учаскеде таңдау жасады.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы