Қазталов ауданына қарасты Қараоба елді мекенінде 19 жастағы жас отбасы – Ералы Оразбай мен Гүлсая Уразбаева сайлау учаскесіне бірге келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады.

Ел болашағына бейжай қарамайтын жас ұрпақтың бұл қадамы – олардың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдеріске алғаш рет қатысып, азаматтық жауапкершілік танытуының жарқын үлгісі.
Ернәсіл Рысқалиев,
Қазталов ауданы