23.08.2026, 18:36
Оқылды: 8

Табиғатты қорғау саласының мамандары маңызды науқанда белсенділік танытты

Құрылтай сайлауы күні Шыңғырлау ауданына қарасты Ақшат ауылдық округіндегі №420 сайлау учаскесіне орман шаруашылығының ұжымы келіп, өз азаматтық таңдауларын жасаған болатын.

image-23-08-26-05-59

Табиғатты қорғау, орман алқаптарын сақтау және туған өлкенің табиғи байлығын ұқыпты пайдалану бағытында еңбек етіп жүрген сала мамандары ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмады. Күнделікті қызметінде жауапкершілікті басты орынға қоятын ұжым мүшелері азаматтық міндеттерін абыроймен орындап, мемлекеттің тұрақты дамуы мен келешегіне бейжай қарамайтындарын көрсетті.

Орманды қорғауды өміріне мұрат еткен еңбек адамдарының бұл белсенділігі мен ортақ таңдауы кейінгі буынға үлгі болып, туған жердің жарқын болашағына деген сенімді паш етті.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале