23.08.2026, 18:55
Оқылды: 7

Шыңғырлау ауданы: Ақшат ауылындағы шаруа қожалық басшылары Құрылтай сайлауында дауыс берді

Ел өміріндегі маңызды саяси науқан – Құрылтай депутаттарының сайлауына Шыңғырлау ауданына қарасты Ақшат ауылының шаруа қожалықтарының басшылары да белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасады.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 20.58.20

Ауыл шаруашылығы саласында тынымсыз еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген «Әділ» шаруа қожалығының басшысы Азамат Қарабаев пен «Байқатов» шаруа қожалығының мүшесі Айдос Байқатов №420 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Шаруа қожалығының басшылары үшін елдің тұрақты дамуы мен ауыл-аймақтың болашағы айрықша маңызды. Өйткені ауыл шаруашылығының өркендеуі, еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасау және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру секілді мәселелер тікелей ел дамуының бағыттарымен сабақтас.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 20.58.20 (1)

– Сайлауға қатысу әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін танытатын маңызды қадам. Өз таңдауымызды жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымымызды білдірдік. Ауылдың жағдайы, еңбек адамдарының еңбегін бағалау, шаруашылықты дамыту мәселелері әрдайым назарда болса деген тілегіміз бар, – дейді Азамат Қарабаев.

№420 сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылып, тұрғындар өз таңдауларын еркін жасады. Ауыл еңбеккерлерінің бұл белсенділігі ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале