23.08.2026, 19:08
Оқылды: 5

Қазталов ауданы: «Айшуақ» әжелер ансамблі Құрылтай сайлауына ұжым болып қатысты

Құрылтай сайлауында Қазталов ауданына қарасты Көктерек ауылының «Айшуақ» әжелер ансамблі ұжым болып келіп, өз таңдауларын бірге жасады. №257 сайлау учаскесінде тіркелген ұжым мүшелері өзге ауылдастарына айтарлықтай үлгі бола білді.

image-23-08-26-07-25

– Ауыл өнерінің дамуына бір кісідей атсалып, кейінгі жастарға үлгі болып жүрген біздің өнерлі ұжым қашанда өз белсенділігінен айырылып көрген жоқ. Саяси сауаттары да жоғары. Олар елде өтетін барлық сайлауға да бір кісідей қатысады. Құрылтай депутаттығына үміткерлер мен оларды ұсынатын партияларға да елдің үміті жоғары. Олар ертең Құрылтай төрінде отырып ауылдың жағдайын жақсартуға үлкен назар аударады деп сенеміз, – дейді ақ жаулықты әжелер.

Қыдыр Харесұлы,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале