26.08.2026, 11:15
Оқылды: 9

БҚО-да жалған шот-фактураларды жазып беру схемасын ұйымдастырушы сотталды

Батыс Қазақстан облысында сот өңірдің екі тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды. Олар тауарларды нақты жеткізбей, жұмыстарды орындамай және қызметтерді көрсетпей, жалған шот-фактураларды жүйелі түрде жазып беру схемасын ұйымдастырып, оған қатысқаны үшін кінәлі деп танылды.

istockphoto-1190386280-2048x2048

Сурет: istockphoto.com

Сотталғандардың бірі бұған дейін осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, бірнеше жыл бойы өзінің таныстарына тіркелген екі кәсіпорынды пайдаланып, заңсыз қызметін жалғастырғандығы анықталды.

Алдымен ол таныстарына тіркелген кәсіпорындардың электрондық кілттері мен мөрлеріне қол жеткізіп, жалған шот-фактураларды рәсімдеуді ұйымдастырған. Бұл ретте компаниялар іс жүзінде мәлімделген қызметті жүзеге асырмаған және қажетті активтері, көлігі, қойма үй-жайлары, қызметкерлері мен нақты өнім берушілері болмаған.

Жалған операциялар бойынша айналым 964,3 млн теңгені құраған. Өз қызметі үшін ол жазып берілген жалған шот-фактуралар сомасының шамамен 5%-ы мөлшерінде сыйақы алған. Кейін түскен қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыйақы сомасы шегеріліп, контрагенттерге қайтарылған.

Бір кәсіпорынның атынан шот-фактураларды жазып беру ісін жүзеге асыруға оның танысы көмектескен. Ол ЖШС-ның ресми басшысы болған. Ол қажетті құжаттарға қол қойып, түскен қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысқан. Схемаға қатысқаны үшін ол ақшалай сыйақы алған.

Құқыққа қайшы әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 249,8 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Сот сотталушыларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

БҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале