3.04.2017, 10:40
Оқылды: 46

Өрттен аман қалған Құран

?

?

         Мына суреттегі Құран парақтары Қарасу ауылдық округіне қарасты Ащысай елді мекенінде тұратын Жанболат ағаның төрінде ілулі тұр.


         Оның айтуынша, бұл Құран атасының әкесі Мектепқали деген кісіден қалған.

         — Сонау 1990 жылы, Кеңес үкіметінің үстемдік етіп тұрған кезі болатын. Ол кезде 20 жастамын. Бірде қора-қопсымыз өртенді.

         Әулетіміздің үлкендері Мектепқали бабамыздан қалған Құранды жұрт көзіне көрсетпей, кебежеге салып қоятын еді. Өйткені «Құран оқиды, діннің сарқыншағынан арылмаған» деген сөздерден қауіптенетін. Бір ғажабы, сол өртте Құранның айналасы ғана өртеніп, басқа жері аман қалды. Біз ерекше таңғалдық. Қасиетті деген осы шығар, — дейді Жанболат Сағидоллаұлы.

Жұлдыз АСҚАР,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале