«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап алғаш рет №1/2 «Алматы – Ташкент» халықаралық пойызының құрамында «Әйелдер вагоны» қызметі іске қосылады.

Фото: PR_KTZh
Серіктестік Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов бұл қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін, іске қосылғалы бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланғанын атап өтті.
Пойыз күн сайын қатынайды: Алматыдан жөнелуі — 19:05, Ташкентке келуі — 12:53 (Ташкент уақытымен), Ташкенттен жөнелуі — 14:41, Алматыға келуі — 08:51.
Осылайша, бұл қызмет қолжетімді бағыттардың саны 14-ке жетеді:
№77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
№351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
№45/46 «Павлодар – Түркістан»;
№37/38 «Маңғыстау – Семей»;
№47/48 «Атырау – Астана»;
№33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
№3/4 «Астана – Алматы»;
№71/72 «Астана – Шымкент»;
№353/354 «Астана – Семей»;
№23/24 «Ақтөбе – Алматы»;
№25/26 «Алматы – Шымкент»;
№613/614 «Орал – Маңғыстау»;
№81/82 «Нұрлы жол – Орал»;
№1/2 «Алматы-2 – Ташкент».
«Әйелдер вагонында» тек әйелдер мен олармен бірге жүретін 7 жасқа дейінгі ұл балалар жүре алады, ал жолаушыларға тек жолсерік әйелдер қызмет көрсетеді. Билеттерді кассалардан немесе bilet.railways.kz сайтынан «ЖН» белгісін таңдау арқылы пойыз жөнелтілетін күннен 45 тәулік бұрын алдын ала сатып алуға болады.