30.08.2026, 9:00
Оқылды: 8

Қазақстандық су саласының мамандары АҚШ, Қытай және Еуропада тағылымдамадан өтуде

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, ведомство құрылған 2023 жылғы қыркүйектен бері су саласының 498 маманы шетелде біліктілігін арттырды.

InShot_20260830_081310028

Фото: QR_Su_resurstari_ministrligi

​Сұранысқа ие кадрларды даярлау және тәжірибе алмасу мақсатында отандық мамандар Германия, Нидерланд, АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Израиль, Жапония және өзге де елдерде тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар IOFS, GIZ, Witteveen+Bos және Power China сияқты халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың қолдауымен арнайы курстар ұйымдастырылды.

​Министрдің міндетін атқарушы Нұржан Нұржігітов шетелдік серіктестермен ынтымақтастық аясында біліктілікті арттыру бағдарламалары тұрақты жүргізілетінін және алған озық білім күнделікті өндірістік үдеріске енгізіліп жатқанын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале