31.08.2026, 9:00
Оқылды: 16

Президент Жолдауын жүзеге асыру: құны $78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастыруда

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, терең өңдеуге, жоғары технологиялық өндірістерге және қосылған құны жоғары өнім өндірісін локализациялауға ауысады. Бұл туралы Primeminister.kz жазды.

үкімет

Бұл тәсілдер Мемлекет басшысының 2025 жылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалды. Үкіметке өндірістік секторға сапалы инвестициялар тартуды күшейту, экономиканың қажеттіліктеріне қарай «инвестицияларға тапсырысты» қалыптастыру және инвесторларды сүйемелдеудің неғұрлым тиімді жүйесін жолға қою тапсырылды.

Осы міндеттерді дамытуда ірі жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктері жетілдірілуде, инвестициялар туралы келісімдерді қолдану кеңейтілуде. Бұл тетік 2021 жылдан бері жұмыс істейді және құны 32 млрд теңгеден асатын жобаларды қамтиды. Ол мемлекеттің және инвестордың міндеттемелерін, жобаны жүзеге асыру шарттарын, сондай-ақ бүкіл инвестициялық цикл бойындағы негізгі параметрлердің тұрақтылығын бекітеді.

Ереже бекітілген сәттен бастап жалпы сомасы 17,8 трлн теңгеден асатын 66 инвестициялық келісім жасалды. Оның ішінде 2024 жылы – 6, ал 2025 жылы жалпы сомасы шамамен 11,2 трлн теңгені құрайтын 30 келісім жасалды. 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы шамамен 4,4 трлн теңгеге тағы 25 келісім жасалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен асып түсті. Жобалар фармацевтика, энергетика, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым және денсаулық сақтауды қамтиды.

2026 жылы Үкімет жаңа инвестициялық циклді іске қосу және сапалы капитал тарту жөніндегі Президент тапсырмасын орындау мақсатында инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыруды жалғастыруда. Жұмысқа мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, даму институттары, ұлттық компаниялар мен өңірлер біріктірілген.

Капитал тартудың жаңа жүйесінің дамуы, инвестициялар құрылымының өзгеруі және басым салалардағы ірі жобалар туралы Primeminister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыз.

Халықаралық капитал және отандық жеткізушілерді дамыту

Жаңа инвестициялық циклде жобалардың сапасына, атап айтқанда, өндірісті локализациялауға, отандық жеткізушілердің өндірістік қуаттарын жүктеуге, сабақтас өндірістерді дамытуға және жаңа нарықтарға шығуға басымдық берілуде.

Алатау қаласында Mars компаниясы агроөнеркәсіптік шикізатты терең өңдеу арқылы үй жануарларына арналған жем өндіретін зауыт салу жобасына $160 млн инвестиция салуда. PepsiCo Алматы облысында тұзды тіскебасарлар өндіретін зауыт салуға $368 млн инвестиция салып, 900-ге дейін жұмыс орнын ашады. Кәсіпорынға қажетті шикізатты шамамен 30 отандық компания жеткізетін болады. Олар зауыттың қажеттіліктеріне сай картоп өсіреді.

Carlsberg Group Алматы облысында жаңа сусындар зауытын салуға $344 млн инвестиция салады. Қазір жұмыс істеп тұрған Carlsberg Kazakhstan өндірісіндегі сатып алулардың жергілікті қамту үлесі 80%-ға жетеді: Қазақстанда арпа, бидай, алюминий ыдыстар, шыны бөтелкелер және басқа да материалдар сатып алынады.

«ДӨО алқабы»: цифрлық экономиканың инфрақұрылымына инвестициялар

Экономиканы цифрлық трансформациялау міндеттерін жүзеге асыру аясында Екібастұзда есептеу инфрақұрылымын, бұлтты сервистерді және жасанды интеллект технологияларының қуаттарын орналастыруға арналған «ДӨО алқабы» қалыптастырылуда. Жоба үшін Екібастұз ГРЭС-1 маңынан ауданы 200 гектар болатын жер учаскесі белгіленді. Болашақта аумақты кеңейту мүмкіндігі қарастырылған.

Энергетикалық инфрақұрылымның қуаты 300 МВт-тан 1 ГВт-қа дейін есептелген. Күтілетін инвестиция көлемі шамамен $30 млрд-ты құрайды, 500 жоғары білікті жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жобаның даму барысына қарай алаңның аумағы 1,4 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Халықаралық инвесторлар үшін қажетті инфрақұрылымы мен құқықтық жағдайлары қамтамасыз етілген Greenfield-аймақ қалыптастырылуда.

2026 жылғы маусымда Firebird және NVIDIA компанияларымен жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылым саласында жалпы сомасы $10 млрд болатын келісімдер топтамасына қол қойылды. Инвестор – Firebird, ал NVIDIA технологиялық серіктес ретінде қатысады. Алаңның энергетикалық қуаты кезең-кезеңімен 300 МВт-тан 1 ГВт-қа дейін ұлғайтылатын болады.

Жоба энергетика, телекоммуникациялар, деректерді өңдеу және жасанды интеллект тоғысындағы инвестициялар үшін жаңа бағыт ашады. Көмір химиясы: дәстүрлі шикізатты өңдеудің жаңа бағыты. Неғұрлым жоғары өңдеу деңгейіндегі өндірістерді дамыту дәстүрлі шикізат салаларын да әсер етеді. Қарағанды облысында жылына 1 млн тонна металлургиялық кокс өндіретін заманауи зауыт салу жобасы жүзеге асырылуда.

Көмірді шикізат ретінде экспорттаудың орнына, ел ішінде қара металлургияда сұранысқа ие өнім – металлургиялық кокс өндіру көзделуде. Жоба ішкі өңдеу көлемін ұлғайтып, көмір химиясы бағытын одан әрі дамытуға негіз қалыптастырады. Инвестиция көлемі 63,6 млрд теңгені құрайды, 500-ге дейін жұмыс орнын ашу көзделген.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале