ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тамыз айында ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 12 өңірінде қарудың заңсыз айналымына қарсы арнайы іс-шаралар жүргізді.

Фото: knbgov_kz
Операция нәтижесінде 56 қару-жарақ (4 автомат, 34 мылтық, 18 тапанша), 13 граната және 314 оқ-дәрі тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.