6.04.2017, 16:47
Оқылды: 83

Оралдан Астана мен Алматыға «Тұлпар-Тальго» пойызы жүре бастайды

Тулпар Тальго   Осы айдың аяғында Орал-Астана және Орал-Алматы бағытында «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы қатынайды деп жоспарлануда.

     БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеевтің айтуынша, аталмыш жүрдек пойыз Астанаға 24, Алматыға 37 сағатта жетпек.


    «Пойыздың кестесі мен билет құны әзірге белгісіз. «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыз болғандықтан, аялдайтын станса саны да қысқарады. Облыста ол тек Ақсай қаласына (Қазақстан стансасына) ғана тоқтайды», деді Қ.Меңеев.

   Айта кетейік, 2016 жылғы қазанда Астанада өткен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы ХІІІ форумына қатысқан екі ел президенттері Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға арналған бірқатар маңызды құжаттарға қол қойған болатын. Соған сәйкес қос ел Үкіметтері арасындағы кәсіпорындардың, мекемелердің және теміржол саласының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы (1996 жылғы 18 қазандағы) келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттама жасалды. Осының негізінде «Қазақстан темір жолы» компаниясы Астана мен Алматыдан Оралға Ресеймен шекарада тексеру жүргізілмейтін «Тұлпар-Тальго» пойызын шығару жөнінде шешім қабылдаған еді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале