Жәнібек ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала қызықтары» шарасы өтті. Мерейтойлық жиын аясында ұлттық спорт түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастырылып, өңірлерден келген спортшылар өзара бақ сынады.
Топ бәйгесінде Казталов ауданы Көктерек ауылының тумасы Асылхан Төлеуғалиевтің «Алакөз» атты сәйгүлігі жүлделі ІІІ орынға ие болып, 200 мың теңгелік жүлдеге қол жеткізді. Ат тізгінін ұстаған шабандоз Ислам Рахметолла.
Ал құнан бәйгесінде Асылхан Төлеуғалиевке тиесілі «Медина» атты сәйгүлік пен шабандоз Ислам Рахметолла І орын алып, бас жүлдеге ие болды.
Мерейтой аясындағы арқан тартыс сайысында да Казталов ауданының намысын қорғаған Тереңкөл ауылдық округінің командасы топ жарып, жүлделі І орыннан көрінді.
zhaikpress.kz