ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағдарламасы аясындағы қаржылық заңбұзушылықтарды анықтау бойынша тергеу жүргізуде.

2025 жылғы мамырда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы мен «Рашан» ЖШС арасында айналым қаражатын толықтыруға қарыз беру шарты жасалып, міндеттемелерге «Даму» қоры кепілдік берген. Шарт талаптары бойынша «Рашан» ЖШС шотына 300 млн теңге аударылған.
Кейін бұл қаражат егіс науқанына жұмсалады деген желеумен екі ЖШС-ға бөлініп, атап айтқанда 148 млн теңгеге жуық сома тұқым алуға, ал 152 млн теңгесі техниканы жалға алу, жанар-жағармай және еңбекақы шығындарына бағытталғаны көрсетілген. Алайда іс жүзінде ешқандай тұқым сатып алынбағаны, техника жалға алынбағаны және көрсетілген жерлерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілмегені белгілі болды.
Осы іске қатысты «Рашан» ЖШС директоры күдікті деп танылып, сот санкциясымен мүлкіне тыйым салынды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.