23.09.2026, 15:15
Оқылды: 14

Оралда полицейлер мен жастар заңсыз граффитиге қарсы бірікті

Батыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шаһардың эстетикалық келбетін сақтау және “Таза Қазақстан” тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ауқымды рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

photo-output-70

Сурет: Polisia.kz

Арнайы топтардың құрамына учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар және “Орал жастары” белсенді волонтерлері тартылды. Бақылау аясында шаһар орталығы, халық көп шоғырланатын демалыс орындары, саябақтар, сондай-ақ “Саяхат” және “Зигзаг” аудандары толық қамтылды.

Тәртіп сақшылары мен еріктілер бірлесе жүргізген аралау барысында тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына заңсыз салынған граффити жазулар мен вандализм белгілері анықталды. Заңсыз жазуларды кетіру бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Сондай-ақ ЖБО-ның бейнебақылау жүйелері де толық іске қосылып, вандализмге жол беретін тұлғаларды анықтау жұмыстары күшейтілді.

Мұндай рейдтік және профилактикалық шаралар облыстың барлық аудандарында жүйелі түрде жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале