Күн сайын таңертең мыңдаған оқушы үйінен шығып, білім ордасына бет алады. Бірі ата-анасымен, енді бірі достарымен, ал кейбірі мектепке өз бетінше барады. Ересектер үшін үйреншікті жол болғанымен, бала үшін көшеден өту сәтінің өзі ерекше сақтық пен назарды талап етеді. Сондықтан Жетісу облысы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күн сайын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жазды.

Сурет: gov.kz