24.09.2026, 12:15
Оқылды: 30

Қазақстандықтар үшін Израильге визасыз режим енгізілуі мүмкін: не белгілі?

Қазақстан мен Израиль екі ел азаматтары үшін визаны жою туралы келісім бойынша жұмыс істеп жатыр. Қазақстан СІМ визасыз режимнің басталу мерзімі әзірге белгісіз екенін хабарлады. Тараптардың қандай шаралар қабылдағанын және қазақстандықтардың Израильге қашан визасыз ұша алатынын Tengri Travel анықтап көрді.

State of Israel national flags waving in the wind on a clear day. Blue Star of David in the center, flanked by two horizontal blue stripes on a white field. 3d illustration render. Selective focus

Сурет: istockphoto.com

СІМ не деді?

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 27 қаңтарда Израиль СІМ басшысы Гидеон Саардың Астанаға ресми сапарының қорытындысы бойынша тараптар ұлттық паспорт иелерін визадан босату туралы келісім жасасу ниеті туралы меморандумға қол қойғанын мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, құжат Қазақстан мен Израиль арасындағы турист алмасуды дамытуға бағытталған. Дегенмен, визасыз режим әлі күшіне енген жоқ.

"Қазақстан азаматтары тиісті келісімге қол қойылып, қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталып, ол күшіне енгеннен кейін ресми түрде визасыз режимді пайдалана алады", - деп хабарлады СІМ.

Қазақстандықтар қашан визасыз ұша алады?

Қазіргі уақытта нақты күні белгісіз.

СІМ-нің нақтылауы бойынша, келісімге қол қою туралы үкімет қаулысы шыққаннан кейін оның ережелерімен "Ашық НҚА" порталында және Қазақстан Сыртқы істер министрлігі сайтында танысуға болады.

Келісім күшіне енгенге дейін қазақстандықтар Израильге кірудің қолданыстағы ережелерін сақтауы қажет.

Визасыз режим туралы не белгілі?

Бұған дейін Израильдің Қазақстандағы елшісі Йоав Быстрицкий Қазақстан мен Израиль арасындағы визасыз режим 2027 жылдың басында-ақ іске қосылуы мүмкін екенін айтқан болатын. Дипломаттың айтуынша, келісімге Израиль сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алдағы сапары кезінде қол қою жоспарланған. Сонымен қатар, нақты күні әзірге белгісіз.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Израильдің тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін қатар талқылап жатқанын хабарлады. Быстрицкийдің айтуынша, тікелей рейстің пайда болуы туристер ағынының артуына ықпал етіп, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды жеңілдетуі мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале