Қазақстанда 25 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды
25.09.2026, 11:15
Оқылды: 61

Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету үшін бірыңғай оператор белгіленді

Маңғыстау облысында әскери міндеттерін орындау кезінде Каспий теңізі акваториясында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету мақсатында бірыңғай оператор ретінде облыс әкімдігі айқындаған ұйым белгіленді, - деп жазады Маңғыстау облысының әкімдігі.

f811160218fc22040ed9e593d7303154e2ffd331051a87d6e5613aa2afdaf02e_1280x720

 Маңғыстау облысында әскери міндеттерін орындау кезінде Каспий теңізі акваториясында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қосымша материалдық көмек көрсету мақсатында бірыңғай оператор ретінде облыс әкімдігі айқындаған ұйым белгіленді.

Облыс әкімдігіне қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсеткісі келетін азаматтардан, бизнес өкілдері мен ұйымдардан өтініштер түсуде. Осыған байланысты аталған процесті жүйелеп, көмек көрсетудің бірыңғай ресми тетігін қамтамасыз ету, сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында осындай шешім қабылданды.

Қорға түсетін барлық қаражат тек қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы қатаң түрде нысаналы мақсатқа сай және толық ашықтық қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Қордың қызметі мен түсетін қаражаттың қозғалысы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады.

Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек жинады.

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсеткісі келетін азаматтар, бизнес өкілдері мен ұйымдар қаражатты қордың ресми реквизиттері арқылы аудара алады.

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында облыс әкімдігі азаматтарды қаражатты жеке банк карталарына, жеке тұлғалардың шоттарына немесе белгісіз реквизиттерге аудармауға шақырады.

Қордың ресми реквизиттері:

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі

БСН: 090140013447
Банк: «Alatau City Bank» АҚ
БСК: TSESKZKA
ЖСК: KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале