Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан сарбаз Өмірбек Өмірзақтың Теректі ауданы Подстепный ауылындағы шаңырағына барып, отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Облыс әкімі орны толмас ауыр қазаға өңір жұртшылығының да қабырғасы қайысқанын айтып, Мемлекет басшысының тапсырмасымен толыққанды көмек көрсетілетінін жеткізді.

Өмірбек Өмірболатұлы 2007 жылы туған. 2025 жылғы 3 қазанда Бәйтерек ауданынан мерзімді әскери қызметке алынған.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі