27.09.2026, 11:05
Оқылды: 86

Ақсуаттықтар ауыл әкімін сайлап жатыр

Бүгін Ақжайық ауданының Ақсуат ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп жатыр.

8_edit_124390574577911

Сайлау ауылдық округ әкімі өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты ұйымдастырылды.

Округтегі екі сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де ашылып, жұмысын бастады. Ауылдық округ бойынша сайлаушылардың жалпы саны – 436 адам.

Учаскелерде дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлаушыларды тіркеу, жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру және дауыс беру рәсімдері белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуде. Сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында учаскелерде кандидаттардың сенім білдірген өкілдері де қатысуда.

Сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап ақсуаттықтардың белсенділігі байқалды. Тұрғындар дауыс беруге келіп, ауылдық округтің алдағы дамуына қатысты өз таңдауын жасап жатыр. Олардың арасында сайлау учаскесіне отбасымен бірге келгендер де бар. Ақсуат ауылының Құлетовтар және Ақбұлақ ауылының Кункабаевтар әулеті сондай отбасылардың қатарында.

6_edit_124401226332907

«Ауылдық округ әкімі кім болады, округіміздің ертеңі қандай болмақ – осыны таңдау өзімізге, яғни ақсуаттықтарға берілді. Әкім осы ауылдың халқымен етене жұмыс істейтін, тұрғындардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, мәселелерді шешетін шаруаның адамы болу керек. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, сайлауға белсенді қатысуы керек деп ойлаймын. Ауылдың болашағы өзімізге байланысты. Туған мекеніміздің келешегіне қатысты таңдауды өзіміз жасаймыз, сол себепті мұндай маңызды науқаннан тыс қала алмаймыз», – дейді Мизам Құлетов.

Әлия Шарапиева, 

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале