28.09.2026, 18:30
Оқылды: 42

Дәстүрлі ән мен жыр өнерін дәріптейтін ауқымды жоба қонақтары Ақ Жайыққа келді

Орал қаласына 29-30 қыркүйек күндері өтетін дәстүрлі ән орындаудағы жаһандық рекордтық көрсеткішті жаңартуға арналған ауқымды жобаның қонақтары келіп жетті.

IMG_7203

Атап айтқанда, бұл шараға «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев пен «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкімов қатысады.

IMG_7205

Қадірлі меймандар қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, фольклортанушы ғалым, эпик-жыршы Берік Жүсіпов, Азия мен Африка елдерінің рекордтық көрсеткіші бойынша 114 әнді тоқтаусыз орындап, рекорд жаңартқан дәстүрлі әнші Бақыт Шағырбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы-күйші Саян Ақмолда және ҚР Мәдениет саласының үздігі, жыршы-термеші Аманқос Садықов бар.

IMG_7206

Өнер иелерін Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармониясы директорының орынбасары Мәди Сабыр бастаған ұжым ақ дәм ұсынып, зор ілтипат көрсетті.

IMG_7207

Айжан Бауыржанқызы, 

ҚР Журналистер одағының мүшесі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале