30.09.2026, 9:30
Оқылды: 13

Қауіпсіздікті қаперден шығармаңыз!

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі  алаңында «Күзгі балық аулау  кезеңіндегі  азаматтардың қауіпсіздігі:  алдын  алу  шаралары»  тақырыбында  баспасөз  конференциясы өтті. Қауіпсіздік  іс-шаралары туралы БҚО ТЖД  төтенше  жағдайларды  жою  басқармасының  басшысы Бақытжан  Ихсанов баяндады. Басқарма басшысы  күздің  түсуіне  байланысты өңірдегі су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне  тоқталды.

WhatsApp Image 2026-09-17 at 08.50.58

Бақытжан Мағзомұлы күз мезгілінде ауа температурасының төмендеуі, су деңгейінің өзгеруі, жауын-шашын мен желдің күшеюі облыс тұрғындарының қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Күз мезгіліндегі оқыс оқиғалардың басты себебі – азаматтардың қауіпсіздік талаптарын елемеу, су айдынында белгіленбеген орынға бару, жеке қауіпсіздік іс-шараларын сақтамау және мас күйде суға түсу. Сол себепті басқарма басшысы  облыс тұрғындарына бірнеше маңызды талаптарды еске салды. Атап айтсақ, күз мезгілінде суға түсуге болмайды. Екіншіден, су жағалауында балаларды қараусыз қалдырып, суға жақын жерде ойнауға болмайтындығын ескертті. Үшіншіден, балық аулау кезінде белгіленбеген және қауіпті аймақтарға барудан бас тартқан жөн.

Суға қайықпен жүзетін азаматтар қайықтың бүтіндігін тексеруі керек. Тіршілікке қажет заттарды алып шығу, қайыққа артық заттар тиемеу, қайық шетіне отырмау, құтқару кеудешесін міндетті түрде пайдалануы қажет. Төртіншіден,  ішімдік ішіп алып, мас күйде суға шомылуға болмайтындығын баса айтты. Қауіпсіздік талаптарын сақтамаған, әсіресе құтқару кеудешесін кимеген азаматтар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Перизат Сариева,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале